Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитеті Кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылады.

08.04.2025 143

   Сенаттың Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитеті кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) талқылады. Құжатта букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар жарнамасын тек арнайы аумақтарда ғана таратуға рұқсат беру және оны мобильді құрылғыларға жіберуге тыйм салу көзделген. Сонымен қатар, шартты түрде немесе бас бостандығы шектелген адамдардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салу ұсынылды. Денсаулық сақтау саласында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға скрининг енгізу, есту протезіне қатысты қолдауды кеңейту және халықты атмосфералық ауа туралы хабардар ету жөніндегі нормалар қарастырылған.

       Комитет Заңды Палата отырысына шығару туралы шешім қабылдады.

 

 

Бөлісу