Сенаттың Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитеті Кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылады.
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени және ғылым комитеті Кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң) талқылады. Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
Комитет Заңды Палата отырысына шығару туралы шешім қабылдады.