Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Толамисов
Амангелді
Ғабдылкәрімұлы

Жетісу облысынан сайланған.

1977 жылы 9 ақпанда дүниеге келген.

1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылы аталған университеттің тарих мамандығы бойынша магистратурасын, 
2007 жылы аспирантурасын,

2010 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану мамандағы бойынша бітірген.

Тарих ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқытушы ретінде бастаған. 2001 жылдан 2012 жылға дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқытушы, аға оқытушы, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, оқу ісі жөніндегі орынбасары болып істеген.
2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін І. Жансүгіров атындағы 
ЖМУ-де гуманитарлық факультет деканы.
2015 жылдан бастап 2016 жылы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-де мәдениет және өнер факультеті деканы.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін І. Жансүгіров атындағы 
ЖМУ-де гуманитарлық факультет деканы.
2018 жылдан 2019 жылға дейін С. Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.
2019 жылдан 2020 жылға дейін І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, ректор кеңесшісі.
2020 жылдан 2022 жылға дейін І. Жансүгіров атындағы ЖУ-де гуманитарлық факультет деканы.
2022 жылдын қаңтарынан бастап І. Жансүгіров атындағы ЖУ-де гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі деканы.

Қоғамдық жұмыс:
2014-2015 ж.ж. Алматы облысы бойынша «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі» федерациясының президенті.
09.2015 жылдан Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі.
2017-2018 ж.ж. Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша комиссия мүшесі.
2020 жыл, сәуір айынан «Харекет» қайрымдылық қорының Талдықорған өңірі бойынша басшысы.
2020 жыл, тамыз айынан «Айналайын» балалар үйінің қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
06.2022 жылдан Ұлттық Құрылтай мүшесі
06.2022 жылдан  Жетісу облысы Қоғамдық кеңес мүшесі

Ғылыми еңбектері: 3 оқу құралы, 1 оқу әдістемелік құрал, 
1 монография, 2 электронды оқу құралы, 50-ден астам ғылыми мақалалар. 

ҚР БжҒМ Құрмет грамотасы, ҚР Президентінің алғысы, Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, «Отан патриоты» медальі, «Халық алғысы» медальі, «Балалық шақ досы» медальі, «Әлемнің мейірімді адамы» медальі, Университеттің дамуы мен кемелденуіне қосқан зор үлесі әрі ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін «Ілияс Жансүгіров» медальі, Алматы облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ның «Асыл әке» төсбелгісі, ҚР Президенті "Ерен еңбегі үшін" медалімен және т.б. марапатталған.