«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Казақстан Республикасы заңының жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы
2022 жылғы 30 қараша сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобының отырысына Сенат аппаратының қызметкерлері, заң жобасын әзірлеуші және басқа да құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.