Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор азаматтарды қабылдады

12.04.2023 0

Сенатқа Қарулы Күштердің бұрынғы қызметкерлері, өздеріне қатысты заңды күшіне енген сот актілерімен келіспейтін азаматтар жүгінді.

Сенат депутаттары әртүрлі уақытта қылмыстық жауапкершілікке тартылған әскери қызметшілердің Қарулы Күштерден босатылғанға және шығарылған үкімдерге байланысты әскери атақтарынан айырылғанға дейін  еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы тағайындау мәселесі көтерілгенін атап өтті.

Сенат депутаттары сонымен қатар азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерімен, оның ішінде оларды кассациялық тәртіппен қайта қарау мәселесіне келіспейтін азаматтардың өтініштерін де қабылдады.

Парламентшілер Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас прокуратураның және Жоғарғы Соттың өкілдерін де кездесуге шақырып, азаматтардың өтініштерінде қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Азаматтар кездесу кезінде сот төрелігіне қол жеткізудің проблемалық мәселелерін көтерді, әсіресе қылмыстық істер бойынша кассациялық сатыға назар аударып, іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Депутат азаматтардың ұсыныстарын тиісті заң жобасы қаралған кезде талқыланатынын атап өтті. 

Сенатор кездесу барысында азаматтардың өтініштерінде көрсетілген шағымдары мен талаптарын тыңдады және мемлекеттік органдар өкілдерінің құзыретіне кіретін мәселелер болғандықтан әрбір өтініштің мән-жайы мұқият зерделеніп, орынды көңіл бөлінетінін атап өтті.

 

Бөлісу