Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заңы мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырсы өтті.
Парламенттің Сенат отырсында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы бойынша баяндама жасады.
Заңның мақсаты қылмыспен күресте өзара ынтымақтастықты орнату және дамыту, көмекке жүгінген кезде құқық бұзушылық үшін жаза Сұрау салушы мемлекеттің юрисдикциясына кіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету болып табылады.
Заңнан күтілетін нәтижелер қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының құзыретті органдарының арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасау болып табылады.