Сенатор А.Г. Толамисов Сенат отырысында «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы бойынша баяндама жасады
Палата отырысында сенаторлар «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарады.
Құжат нормалары екі ел азаматтарының құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған.
Айта кетейік, Хаттамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17 мамырда ҚХР-ға жасаған сапары аясында екі мемлекеттің Сыртқы істер министрлері қол қойды.