Сенат депутаты Амангелді Толамисов Ғабдыкәрімұлы 1 шілде күні би Боранбай кесенесінде «Батыр бабалар шайқастары жолымен» экспедициясының ашылуына қатысты және халықпен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов Ғабдыкәрімұлы аймақтарды аралау жоспары аясында 1 шілде күні Абай облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылдық округіндегі би Боранбай кесенесінде «Батыр бабалар шайқастары жолымен» экспедициясының ашылуына қатысты. Экспедицияға қатысушалар және 72 аудан тұрғындарының қатысуымен Би Боранбай кесенесі жанында құрбандық шалынып, құран бағышталды. Одан кейін, барлық 87 шараға қатысушылар Нарбота батыр аулына жол жүрді.
Нарбота ауылынан кейін, Қапанбұлақ ауылында Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Толамисов Амангелді Габдыкәрімұлы Т.Хасенұлы атындағы мектептің акт залында халықпен кездесу өткізді. Кездесуге 55 адам қатысты. Кездесу барысында депутат биыл Сенат қабылдаған заңдар, атап айтқанда Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, Мемлекеттік сатып алу, Адам сауадасы және т.б. заңдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Халықты көп толғандыратын мәселелердің бірі-жүн мәселесі туралы және ономастика жұмысына қатысты танымал тұлғалар тізімі туралы сұрақтар көтеріліп, жауаптар алынды.
Кездесу аяқталысымен 63 экспедицияға қатысушылар Ақжал ауылдық округіне қарасты Шөнкей батыр (Таз батырдың) басына бет алды. Жол бойында, Қалбатау ауылында орналасқан 13 батыр ескерткішіне барып тағзым етті. Шараға қатысушылар Қапай батыр ауылында орналасқан Барақ шыққан төбеге барып, кейін Қалбатау ауылдық округінде орналасқан Ер Жәнібек батыр кесенесіне жол жүрді. Жарма ауданындағы экспедиция, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Қалыбай батырдың зиратына сапармен мәреге жетті.