Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Амангелді Толамисов Ғабдылкәрімұлы экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту заңы бойынша Сенат отырсында баяндама жасады

27.06.2024 314

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары Парламент депутаттарының  бастамасымен әзірленген және кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартуға жол бермеуге бағытталған.

Қарастырылып отырған Заңдармен Қылмыстық кодекстің кәсіпкерлер мүдделерін қозғайтын 219, 234, 236, және 241-баптарын қылмыссыздандыру көзделген.

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің екі бабы толық қылмыссыздандыруға жатады, олар:

  1. кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін 219-бап, себебі бұл бапта қарастырылған қылмыс құрамы осы кодекстің 189 және 190 баптары бойынша саралана алады.

Сонымен қатар, осындай іс-әрекеттерді заңнаманы бұза отырып кредит алу не оны пайдалғаны үшін жауапкершілік белгілейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 233-бабымен де саралау мүмкіндігі бар;

2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілікті айқындайтын Қылмыстық кодекстің 241-бабында көзделген іс-әрекет Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 239-бабының 1-бөлігіне ауыстырылып отыр.

Сонымен қатар, осыған ұқсас іс-әрекеттер бойынша жауапершілік  Қылмыстық кодекстің 216, 244 және 245-баптарымен қарастырылған.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында және ФАТФ ұсынымын ескере отырып, Қылмыстық кодекстің экономикалық контрабанда және  кедендік баждарды, алымдарды және салықтарды төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін 234 және 236-баптары ішінара қылмыссыздандырылып, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  кодекстің 551-бабына ауыстырылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатпайтын құқық бұзушылықтардың тізімі заңда нақты көрсетілген жағдайларда салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері бойынша құқық бұзушылықтармен толықтырылады.

Сонымен қатар, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңға оның мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын анықтау бөлігінде түзетулер енгізіледі.

 

Бөлісу