Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Амангелді Толамисов Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды

03.07.2024 280

Сенатор Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы 3 шілде Абай облысы Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды. Кездесу аудан әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлымен ауданның тыныс-тіршілігімен, атқарылып жатқан жұмыстарды талқылаумен басталды.  Аудан әкімі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Үржар ауданынан Мақаншы ауданы бөлініп, қайта құрылғанын, қазіргі уақытта Үржар ауданы аумағында 16 ауылдық округ қалғанын атап өтті. Сонымен қатар Үржар ауданында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылу үстінде. Атап айтқанда сиымдылығы 15 мың тонна болатын элеваторды іске қосу. Аталған жобада тәулігіне 120 тонна комбикорм өндіру және тәулігіне 200 тонна майлы дақылдарді өндеу арқылы май шығару қарастырылған. Шыққан өнімді көршілес Қытай және орта Азия мемлекеттеріне экспорттау көзделіп отырғаны туралы ақпарат берді.

 Жұмыс сапары барысында келесі кездесу аудандық мәслихат депутаттарымен өтті. Кездесу барысында еліміздегі бүгін басталып жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті туралы, әлемдік деңгейдегі бейбітшілік пен ынтымақтастық орнатудағы Қазақстанның  орны, ҚР Парламенті Сенатының атқарылған жұмыстары, қоғам және өңір мәселелерін шешуге бағытталған қабылданған заңдар туралы тақырыпта пікір алмасты. Сонымен қатар маслихат депутаттары ауылдардағы жол, су мәселелерін шешу бойынша, орта білім сапасы туралы мәселелер көтерді.

 Кездесулерден кейін бірнеше әлеуметтік нысандарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Атап айтқанда, Ақжар ауылындағы қолданыстағы "Үржар ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 қабатты ғимаратына 2 қабатты қосымша құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Жоба 2023 жылы басталған. Мекеме басшысы аталған нысан арқылы алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет түрлері артатын болатындығын айтты. Алайда құрылыс жұмыстарының жұмыс кестесінен қалуда екен, соған байланысты мердігер Градстройсервис мекемесінің жауапты тұлғасына жұмыстарды ілгерлету тапсырылды.

Таскескен ауылындағы 2023 жылы басталған спорт модулінің құрылыс жұмыстары танысты. Аталған спорт модулінде ойын залында 20 адам, күрес залында 8 адам ауысыммен спортпен шұғылдануға және әр түрлі спорттық шаралар өткізуге мүмкіндік жасалған. Жұмыстарды 30.07.2024жылы аяқтау жоспарланған. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар кесте бойынша уақытылы жүргізіліп жатыр.

Бөлісу