Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенат депутаты Амангелді Толамисов Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барды

04.07.2024 299

Сенатор Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы 4 шілде Аягөз ауданына іс-сапармен келіп, аудан әкімі Әділбай Қанат Серікқанұлымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның тыныс-тіршілігі және атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берді. Атап айтқанда ауыз су бойынша Аягөз қаласының ет комбинаты ауданына дейін ұзындығы 3050 метр контррезервуардан су құбыры желілерін салу, қаланың 27 көшесінде су құбырын қайта құру жұмыстарын жүргізу, Қорық, Байқошқар, Ай Қопа ауылдарында су құбыры желілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айттылды. Жолдар бойынша Аягөз қаласының Талды, Би Боранбай, әділбаев, Аққожа би, Қабанбай батыр көшелеріне асфальт төсеу, Қарағаш, Шынқожа, Айғыз, Тарбағатай, Дөненбай ауылдарында кіре беріс жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жайлы ақпарат берді.

Кездесуден кейін Аягөз қаласының «Қуаныш» мөлтек ауданында «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ұлттық жобасы аясында жаңадан 600 орындық мектеп құрылысы,  «Аягөз ауданының Аягөз қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерін салу және абаттандыру (№3 және №4 позиция) және Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының 10 төсектік жансақтау бөлімін кеңейту құрлыстарымен танысты және аудандық ішкі істер бөліміне барып жеке құраммен кездесу өткізді. Аталған құрлыс нысандары кесте бойынша жұмыстары атқарылып жатыр, мектеп құрлысында жұмысшылардың 30%-ы жергілікті тұрғындардан, ал көп қабатты үй құрлысында жұмысшылар толығымен жергілікті тұрғындардан жасақталған. Нысандарды өткізу уақытылы жүзеге асырылады деп мердігер компаниялар сенім білдірді.

Ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесу барысында Парламентте қабылданған зорлық-зомбылық, көші-қон және жол жүрісін ұйымдастыру бойынша заңдарды талқылап, қабылданған нормалар бойынша жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікір алысты.

Бөлісу