Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламентінің Сенат депутаттары «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының қызметімен танысты

08.01.2025 180

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов Алматы облысында орналасқан «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығында болды. Сенаторлар кешеннің жұмысымен, оның байланысты қамтамасыз етудегі рөлімен және одан әрі даму келешегімен танысты.

Парламентшілер «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы «KazSat» сериялы спутниктерді резервтік басқару және олардың байланыс ресурсына мониторинг жүргізудің стратегиялық міндетін орындап жатқандығы туралы хабардар болды. Ол сондай-ақ телепорт қызметін, антенна жүйесі мен жабдықтарды орналастыру және жердегі инфрақұрылымға қол жеткізумен қоса байланыс операторларына технологиялық байланыс қызметтерін ұсынады.

Сенаторлар «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығының мүмкіндіктері оны тек мақсатына сай пайдалану ғана емес, сонымен қатар коммерциялық спутниктік байланыс компанияларына олардың желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осыған қарамастан, әсіресе, «KazSAT-3» спутнигін «KazSAT-3R»-ке ауыстыру аясында орталықтың қызметі қосымша мемлекеттік қолдауды қажет етеді.

Бөлісу