Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Жетісу облысында әлеуметтік маңызды жобалармен танысты

06.01.2025 191

Сенат депутаттары Амангелді Толамисов, Сұлтан Дүйсембинов және Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысындағы негізгі әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру барысымен және өнеркәсіптің дамуымен танысты. Сенаторлар сапар аясында жергілікті тұрғындарымен де кездесулер өткізді.

Біз облыстық жүрек ауруларын емдеу орталығына бардық. Онда дәрігерлер соңғы бес жылда 330-дан астам ашық жүрек операциясын және 2200-ден астам интервенциялық операция жасағаны туралы айтылды. Ғалиасқар Сарыбаев екінші ангиограф пен криоабляцияға арналған жүйені іске қосу және емдеудің басқа да жоғары технологиялық әдістерін енгізу өңір тұрғындарына 2025 жылы жоғары технологиялық көмектің қол жетімді болуын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын сырқаттану мен өлім-жітімді төмендетуде көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуге туатын болады.

Біз облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен де таныстық. Өндірістік қуаты айына 2 500 тонна өсімдік майын өндіретін «Жетісу Мажико агрокешені» ЖШС 2020 жылы іске қосылған сәттен бастап 48 мың тонна өнім өндірді. Сенаторлар өнеркәсіп аккумуляторын шығаруға маманданған «ASMA INDUSTRIAL» ЖШС зауытында құны 8,5 млрд теңге болатын жаңа өндірістік желімен танысты. Осы жылдың желтоқсан айында іске қосылған зауытқа 180 адам жұмысқа орналасқан болатын. Мұндай жобаларды іске асыру халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға және облыстың экономикалық дамуына ықпал ететінін болады.

Бөлісу