Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Палата отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады

05.12.2024 167

Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу, қоғамдық қатысу, мемлекеттік наградалар және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бойынша баяндама жасадым. Бұл заң азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және іске асыруға арналған.

Нақты айтқанда, заң ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру құзыретін беруді көздейді. Бұл уәкілетті орган басқа мемлекеттік органдарды қадағалайды. Сондай-ақ «ақпаратты проактивті тарату» және «қоғамдық маңызы бар ақпарат» деген жаңа ұғымдарды енгізу, қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге тыйым салу ұсынылып отыр. Заңдағы тағы бір жаңалық – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескеру қағидатын және аталған санаттағы адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған жеке бап енгізу көзделген. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға мемлекеттік наградаларды алуға қойылатын талаптарды арттыруға және жетілдіруге арналған түзетулер енгізіледі. Одан бөлек, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңына көрнекі ақпаратты орналастырғанға дейін жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша норма енгізу мәселесі де қарастырылды.

Сенаторлар заңның жаңа нормаларын концептуалды тұрғыдан қолдай отырып, оның жекелеген ережелеріне бірқатар түзету енгізді. Олар – жоспардан тыс тексеруді тағайындау негіздеріне және тексеруші мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттерін белгілеуге қатысты мәселелер. Бұл заң нормаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру үшін маңызды екенін атап өткен жөн. Жаңа түзетулер енгізілген заң Мәжіліске жіберілді.

Бөлісу