Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

24.01.2025 181
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Сенат депутаттары Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Өңірге сапар барысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы және аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелер де талқыланды. Бұл ретте маңызды бағыттар бойынша Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысы ерекше мәнге ие екені айтылды.
Мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен кездесу кезінде Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетіне тоқталып, Сенат депутаттары оны іске асыруға заңнамалық деңгейде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Осыған байланысты индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ, бірлескен жұмыстың басқа да негізгі бағыттары сөз болды. Сонымен қатар кездесуде инфрақұрылымды жаңғырту, оның ішінде ауылдардағы электр желілерін жаңарту мәселесі аса маңызды екені айтылды.
Сонымен қатар, «Зеленый Север» ЖШС жылыжай кешені мен «Nord Panels» ЖШС ағашты терең өңдеу зауытының еңбек ұжымдарымен, «Qyzyljar Creative Center» креативті индустрия орталығында «Sensitive» инклюзивті би тобының ұжымымен кездесті. 
Бөлісу