Джакартада Ислам мемлекеттері парламенттерінің отырысы
Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттер Парламенттік Одағының (PAUCI) 19-шы отырысы өз жұмысын 38 Ислам мемлекеті басшылары мен өкілдерінің қатысуымен ресми түрде бастады.
Бұл отырыс 12-15 мамыр аралығында "Тиісті басқару және күшті институттар тұрақтылықтың тірегі ретінде" ұранымен өтеді. Ислам мемлекеттерінің өкілдері бүгінгі күнге дейін әртүрлі комитеттерде, соның ішінде саяси, мәдени, әйелдер мен отбасы істері, Палестина бойынша тұрақты Комитетте және әйелдер конференциясында сөз сөйледі.
Ашылу салтанатына Иран парламентінің спикері Мұхаммед Багер Галибаф бастаған Иранның парламенттік делегациясы қатысты. Отырысқа қатысқан Иран өкілдері кейбір мамандандырылған комитеттерде де сөз сөйледі.