Жетісу облысы әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлымен кездесу және Талдықорған қаласының нысандарының жұмысымен танысу
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы және Толамисов Амангелді Ғабділкәрімұлы Жетісу облысы әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлымен кездесіп, Талдықорған қаласының нысандарының жұмысымен таныстық.
Облыс әкімімен кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және жергілікті атқарушы органдардың депутаттық корпуспен өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
Сенаторлар қалалық көпсалалы ауруханада болып, медициналық көмек көрсету, функцияларды кеңейту, жаңа бөлімшелерді іске қосу, жекелеген сервистерді цифрландыру шарттарымен танысты.
Содан кейін парламентшілер аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықта болып, онда ағымдағы түзету, инклюзия, педагогикалық және психологиялық қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алды. Депутаттар облыстың басқа аудандарында осындай орталықтарды ашу, ерте диагностиканың қолжетімділігін арттырудың және аутизм спектрі бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, қорғаныс істері жөніндегі басқармаға барып, депутаттар материалдық-техникалық базаның жай-күйімен, әскерге шақыру науқанын ұйымдастырумен, жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмыстармен және оқу орындарымен өзара іс-қимылмен таныстық.