Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жетісу облысының мәслихат депутаттарымен кездесу

10.07.2025 178

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғалиаскар Төлендіұлы Сарыбаев пен Амангелді Ғабділкәрімұлы Толамисов облыстық мәслихаттың депутаттарымен және Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті.

Диалог барысында сенаторлар мен депутаттар жергілікті жерлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ өкілді және заң шығарушы органдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Өңір үшін өзекті мәселелерге ауылдық инфрақұрылымды дамыту, сумен және жолдармен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігі, ауыл шаруашылығы мен халықты жұмыспен қамтуды қолдау  проблемаларына ерекше назар аударылды.

Бөлісу