Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстым
Өңірге сапар аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сарыбаев Ғалиаскар Толендинұлы және Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы Жетісу облысының Ескелді ауданына барып, Жастар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, су құбыры жүйесін күрделі жөндеу барысымен танысты. Сондай-ақ Көкжазық ауылындағы жазғы лагерьде «Айналайн» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жолдардың жай-күйі, көлікке қолжетімділік, медициналық қызметтердің сапасы және жас отбасыларды қолдау мәселелері көтерілді. Тұрғындар ауыз суға тұрақты қолжетімділік басымдық болып қала беретінін атап өтіп, сумен жабдықтау жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттігіне ерекше назар аударды.
Депутаттар реконструкцияланатын су құбырының учаскесін қарап, әкімдік пен мердігер ұйымның ақпаратын тыңдап, жұмыстардың мерзімдері мен сапасына назар аударды.
«Ауыз су - бұл негізгі қажеттілік. Әрбір ауылдық үй таза суға қол жеткізе алуы керек. Бұл жай ғана жайлылық емес, денсаулық мәселесі», - деп атап өтті депутат Ғ.Т.Сарыбаев.
Депутаттар «Айналайын» балаларды қолдау орталығының жазғы лагерінде барып, мекеменің тәрбиеленушілерімен және педагогикалық ұжымымен кездесті. Сенаторлар балалардың демалу жағдайларымен танысып, мекеменің өзекті мәселелерін талқылады.
Сенатор Амангелді Толамисов бес жыл бойы балалар орталығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады және осы мекеменің мәселелерін шешуге белсенді қатысады.
«Біздің орталық жай ғана әлеуметтік мекеме емес. Бұл ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жылулық пен қамқорлықты сезіну өте маңызды үй. Біз әр баланың бақыты үшін жауаптымыз!»- деп атап өтті сенатор А. Толамисов.