Сенаторлар Маңғыстау облысында тарихи туризмді дамыту шараларын талқылады
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында «Тарихи туризмді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша комитеттің көшпелі отырысын өткізді.
Шараға қатысушылар тарихи туризмді дамыту мәселесін, еліміздің туристік әлеуетін экономиканың басым бағыттарының біріне айналдыру жолдары мен кәсіпкерлерді саланы дамытуға тарту тетіктерін талқылады. Инфрақұрылымды жетілдіру және ішкі туризмді ілгерілету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп тарихи туризмді дамыту еліміздің мәдени және экономикалық саясатының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл туристерді тарту тәсілі ғана емес, сонымен қатар ұлттық жадыны сақтау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстанның халықаралық бет-бейнесін нығайту құралы.