Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

А. Есбай Әзербайжан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Әзербайжан парламентаризмінің 107 жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты

08.12.2025 154

Бакуде Әзербайжан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Әзербайжан парламентаризмінің 107 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Іс-шараны ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы мен Демократияны, парламентаризмді дамытуға мониторинг жүргізу және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау халықаралық институтының Баку филиалы ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Есбай қатысты. Форумда ТМД елдерінің Парламент өкілдерін, конституционализм, халықаралық құқық және саясаттану саласындағы сарапшыларды бас қосты.

Бөлісу