Сенатор Талдықорған мен Ескелді ауданы тұрғындарымен және ұжымдарымен жаңа Конституция жобасын талқылады
Талдыкорған қаласында Сенат депутаттары Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы және Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы К. Байсеитова атындағы музыкалық колледж ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – жаңа Конституция жобасы және елде жүргізіліп жатқан реформалар болды.
Жаңа Конституция жобасының саяси жүйені кезең-кезеңімен жаңғыртудағы және билік пен қоғам арасындағы ашықтық пен есептілікті күшейтудегі маңыздылығын атап өтті.
«Бұл тек кейбір ережелерді өзгерту емес, мемлекет дамуының жаңартылған құқықтық негізін қалыптастыру. Конституция қазіргі заманғы талаптарға сай болуы және билік институттарының азаматтарға жауапкершілігін арттыруы қажет», — деді Есбай Амангелді.
Кездесу конструктивті және мазмұнды жағдайда өтті. Қатысушылар белсенді түрде пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді, конституциялық өзгерістерді іс жүзінде жүзеге асыруға қатысты сұрақтар қойды. Сонымен қатар, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы баса айтылды.
Сонымен қатар, Ескелді ауданының М. Байысов ауылдық округі мектеп ұжымымен және Қайнарлы ауылдық округі тұрғындарымен кездесулер өткізді, кездесуде жаңа Конституция жобасы мен реформалар түсіндіріліп, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді.
Барлық кездесулердің соңында сенатор жаңа Конституция жобасын әрі қарай талқылауға қоғамның белсенді қатысуының маңызды екенін және тұрғындардың ой-пікірлерінің ескерілетінін атап өтті.