Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»: Жетісу облысында мазмұнды кездесулер өтті

02.03.2026 283

Жетісу облысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының және Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің қатысуымен бірқатар ауқымды кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараларға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Есбай Амангелді Ғабдылкәрімұлы, Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, Дүйсембинов Сұлтан Мырзахметұлы қатысты.

Текелі қаласында қоғамдық жұмысшылармен, қала тұрғындарымен және «Tasun» ЖШС ұжымымен кездесу өтті. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданының зиялы қауым өкілдерімен, әскери қызметкерлермен және әскери бөлімнің жеке құрамымен, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, сондай-ақ «Қарашоқы» өндірістік кооперативінің ұжымымен жүздесулер ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында Жаңа Конституция жобасы, саяси реформалардың мазмұны және референдумның тарихи маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жобада Президент өкілеттігін қайта теңгеру, Парламенттің рөлін күшейту және Үкіметтің жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормаларға ерекше назар аударылды. Бұл өзгерістер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, Конституциялық бақылау институтының мүмкіндіктерін кеңейту және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын арттыруға қатысты нормалар талқыланды. Әлеуметтік мемлекеттілік қағидатын нақтылау, жер мен табиғи ресурстарды халық игілігі ретінде бекіту мәселелері де қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Есбай Амангелді: «Конституциялық өзгерістердің түпкі мақсаты – халықтың үніне құлақ асатын, әділетті әрі тиімді мемлекет қалыптастыру. Біз үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды. Сондықтан мұндай кездесулерде айтылған ұсыныстар заңнамалық жұмыста ескеріледі», – деп атап өтті.

 Әділетті және прогрессивті Қазақстан құру жолындағы конституциялық жаңғыру – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Бөлісу