Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

22.01.2026 290

Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бағыталған келісімге Мемлекет басшысының 2024 жылғы 29 қазанда Моңғолияға ресми сапары аясында Ұлан-Батыр қаласында қол қойылды.

Қаралып отырған заң – осы халықаралық Келісімді ратификациялауды көздейді.

Келісімнің мақсаты – азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу болып табылады. Атап айтқанда, ынтымақты зейнетақы саласында еңбек өтілін өзара тану, сондай-ақ әскери қызмет өткеру кезеңдері мен жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарында оқу уақытын еңбек өтіліне есепке алу тетіктері қарастырылады.

Сондай-ақ, Келісіммен Қазақстан мен Моңғолия арасында жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша ынтымақтастықтың жаңа формасы көзделіп отыр. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқа мемлекеттің аумағында пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу