Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына шығу

10.08.2023 146

 

черный

ПРЕСС-РЕЛИЗ

10 августа 2023 года                                                   Жанааркинский район

                                                                                      Улытауской области

 

 

 

          СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА

          Ауданымызға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев келді.

          Сапар барысында Сенат депуттары бірқатар кент және ауылдық округтерде болды.

          Айта кетсек, Қызылжар кенті, Түгіскен ауылдық округі мен Кенжебай-Самай елдімекені және Ералиев ауылдық округіне барып, тұрғындарымен кездесті.

          Қызылжар кентінің тұрғындары көптен бері шешілмей келе жатқан ауылдың кіре берісіне көпір салу мәселесін көтеріп, көмек сұрады. Өз кезегінде сенат депутаттары көпір құрылысына жетпей тұрған қаражаттың бөлінуіне ықпал ететіндерін жеткізді.

          Сондай-ақ, Түгіскен ауылдық округі орталығы мен Кенжебай-Самай ауылының тұрғындары көмір, жер, ауыз су, интернет мәселесін айтты. Сенат депутаттары туындаған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынатындығын атап өтті.

          Келесі кезекте ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ералиев ауылдық округіне ат басын бұрды. Мұнда ауыл мектебіне жүргізілген жөндеу жұмыстарын көріп, оң бағасын берді. Сонымен қатар, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Ауылдың бас дәрігері амбулаторияға қан талдау аппаратының қажеттігі туралы мәселе көтерді. Бұл мәселенің шешілуіне ықпал жасайтындарын жеткізді депутаттар.

          Сенат депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Ералиев ауылының тұрғындарымен еркін форматта аталмыш амбулаторияның ауласында кездесті.

Бөлісу