Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ұлытау облысының Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданына шығу

09.08.2023 0

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Ұлытау облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев келді. Сапар барысында Сенат депуттары ауданымызға да атбасын бұрып, аудан әкімдігінде ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерімен кеңес өткізді. Кездесуге облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт Оспанов, тиісті мекеме, бөлім басшылары, сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.


             Жиынды аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов ашып, сөз тізігінің Сенат депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаевқа берді. Олар өз кезегінде Парламент жұмысына қысқаша шолу жасап, Ұлытау облысына жасаған жұмыс барысын баяндады. Сондай-ақ,  аудан бойынша басты мәселе электр жарығы мен ауыз су мәселесі бар екендігін айтып,  ол мәселелердің  шешімін табуына ықпал жасайтындықтарын жеткізді. 

 
           Жиынға қатысқан ауылымыздың ақсақалдары және мәслихат депутаттары жол мәселесін, жанар-жағармай, газ тарту және  әлеуметтік сала бойынша  мәселелерді көтерді. Сенат депутаттары туындаған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бақылауға алынатындығын атап өтті.


           Кездесу барысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыс барысы талқыланып,  аталған бағдарламаның ауыл тұрғындары үшін жасалынып жатқан жеңілдіктері айтылды.

 
           Бұдан кейін кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қаракеңгір және Алғабас ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың көкейде жүрген сауалдарын тыңдап, көтерілген әрбір ұсыныстың маңыздылығына тоқталып, олардың кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, Ұлытау-Арқалық, Қаракеңгір-Алғабас бағыттарындағы жөнделіп жатқан автокөлік жолын барып көріп, жұмыс барысын бағамдады.

Бөлісу