ҚР Премьер-Министрі Ә. А. Смайыловтың атына Ұлытау облысының проблемалық мәселелері бойынша депутаттар С. Ж. Шайдаров пен С. Т. Медебаевтың атына депутаттық сауал
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Ел Президенті әділ Қазақстанды құру жөніндегі жаңа бастамалары аясында өткен жылы жаңа облыстар, оның ішінде Ұлытау облысын құрған болатын. Облыс орталығы болып саналатын Жезқазған қаласы қандай жағдайда екенін Сіз жақсы білесіз. Бұл апатты үйлер, тозған инженерлік және жол инфрақұрылымы, өткір экологиялық проблема, сапалы ауыз судың жетіспеушілігі, т.б. Проблемаларды көптеп және ұзақ уақыт тізіп айта беруге болады. Президентіміз моноқалалар өнеркәсіп өнімдерінің шамамен
40%-ын өндіретінін, алайда бұл қалаларда әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипаттағы көптеген шешілмеген проблемалар қалып отыр. Біз өзімізді-өзіміз алдап, тұрғындарды жаңылыстыруға қақымыз жоқ. Қайсыбір қаланы қолдаудың құралдары дұрыс жүргізілген талдауға байланысты деп айтқан болатын.
Облыс тұрғындары облыстың құрылуына байланысты күш-жігер алып, өмір сүру сапасы нақты, түбегейлі жақсарады деген үмітте отыруы заңды жағдай.
1,5 жыл өткеннен кейінгі жағдай қандай? Әлихан Асханұлы, Сіздің Жезқазған қаласына жұмыс сапарыңыздан кейін тапсырмаларыңыздың қайсысы орындалды?
Ел президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауында іске асыру қажеттілігін атап өткен өмірлік маңызды инфрақұрылымдық жобаларға ғана тоқталайық.
1. Жезқазған қаласын сумен жабдықтауды ескере отырып, Есқұла су құбырын салу. Жобаның тапсырыс берушісі – Су ресурстары жөніндегі комитет. Жоба 2010 жылдан бастап жүзеге асырылуда, құнының өсуіне қарай бірнеше рет түзетілді. 8061,9 млн. теңге игерілді. 2021 жылы нысан аяқталуы керек еді, бірақ 537 миллион қаражат игерілмеген, нысан тапсырылмаған. Ағымдағы жылы жобаны аяқтауға 427,5 млн. теңге қарастырылған. Ұлытауға сапарыңыз кезінде Сіз осы жылдың маусым айында кестеге сәйкес нысанды тапсыру туралы тапсырма бердіңіз, бірақ бүгінгі күнге дейін нысан пайдалануға берілмеген, министрлік тарапынан бақылау болған жоқ. Жаңа Су және ирригация министрлігі құрылғанын ескере отырып, нысан биыл берілмеуі мүмкін, ұзақ қабылдау-тапсыру жұмыстары, ұйымдастыру рәсімдері созылып кетуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
2. Үйтас-Айдос су құбырын қайта құру, 1 кезең. Тапсырыс беруші – Су ресурстары комитеті.
Жобаны іске асыру үшін ағымдағы жылы қажетті 8,4 млрд. теңгенің Үкімет резервінен 4,2 млрд. теңгесі ғана бөлінді. Жыл соңына дейін резервтен 4,2 млрд. теңге бөлу қажет, толық қаржыландырылмау қатері бар.
3. Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту, 2-кезек, 2022 жылдан бастап осы жоба бойынша жаңа технологияларды пайдалана отырып жұмыстар басталды, жобаның жалпы құны 8 млрд. теңге (түзетуге дейін).
Ағымдағы жылы 6 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жоба түзетулерден өтті, қымбаттауы қосымша 8 млрд. теңгені құрайды.
4. Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту, 2-кезек. Бұл жоба 2019 жылдан басталды, іске асырылу кезеңі – 2019-2024 жылдар. Ағымдағы жылы Ұлттық экономика министрлігі бүгінгі таңда жобаға 1,6 млрд. теңге бөлді, жоба тағы да түзетілуде, жобаның қымбаттауы 11 млрд.теңгені құрайды деп болжалануда, өйткені жоба 2017 жылы әзірленген. Мұнда да қосымша қаражат бөлу қажет.
Егер Бюджет кодексінің нормаларын ескеретін болсақ, онда түзетуден кейін қымбаттау сомасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Өкінішке орай, жергілікті бюджетте бұл ақша жоқ, нысандар тағы бір аяқталмай тоқтап қалған құрылысқа айналуы мүмкін, ал халық үйлерде сапалы ауыз су мен жылусыз қалады. Сондықтан Үкімет осы жобаларды егжей-тегжейлі талдап, толық аяқтау үшін барлық шараларды қабылдауы керек.
Жезқазған қаласының Жылу электр орталығының жылыту маусымына дайындығы бойынша.
Өңірде бола отырып, біз Сенат депутаттары осы нысанға барып, жөндеу жұмыстарының орындалу барысымен таныстық.
Сіздің назарыңызды келесі мәселелерге аударамыз:
Негізгі энергетикалық жабдықтың қатты тозуы. Станциядағы қазандық агрегаттарының орташа тозуы 74%, турбиналардың тозуы 63%, № 5, 6 және 7 турбоагрегаттар парк ресурсын бірнеше рет ұзарту арқылы пайдаланылуда.
№ 8,10 қазандықтарды жаңғырту іс жүзінде әлі жүргізілмеген.
Негізгі жабдықта күрделі жөндеулердің артта қалуына байланысты алдағы жылыту маусымының басында негізгі жабдықтың барлық құрамының толық дайын болмау қаупі бар.
Облыстағы жағдайдың жай-күйін және облыс халқының серпінді дамуды күтіп отырғанын ескере отырып, құрметті Әлихан Асханұлы, Ұлытау облысына ерекше назар аударуды, жинақталған проблемаларды шешуге көмек пен жәрдем көрсетуді сұраймыз.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
27-бабына сәйкес заңда көзделген мерзімдерде депутаттық сауалға жауап беруді сұраймыз.
С уважением,
С. ШАЙДАРОВ
С. МЕДЕБАЕВ