Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенаты депутаттары С. Ж. Шайдаров және С. Т. Медебаев Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары (05.01.2024ж.)

05.01.2024 0


ПРЕСС-РЕЛИЗ

2024 жыл 5 қаңтар                                                                          Жаңаарқа ауданы

 

ҚР Парламенті Сенаты депутаттары С. Ж. Шайдаров және

С. Т. Медебаев Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары

 

          Жаңаарқа ауданына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев келді.

          Сенаторлар ауданға қарасты Ақтүбек ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде ауыл халқы бірқатар өтініш-тілектерін айтты. Айта кетсек, тұрғындар малдың терісі мен жүнінің босқа шіріп қалатынына шағымданып, оны бұрынғыдай тиісті жерге өткізу үшін мүмкіндіктің қарастырылуын сұрады.

          Сондай-ақ көшедегі қаңғыбас иттердің мәселесінің шешілуін өтініп, ауылда тұрғызылып жатқан спорт зал құрылысының неге аяқсыз қалғаны жайлы сұрақ қойды.

          Құрылысы аяқталмай тұрған спорт зал туралы аудандық мәслихат төрағасы жауап берді. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерлік компания қаражат жетпей қалуына байланысты жұмысты аяқсыз қалдырған. Бүгінде құрылысты аяқтауға қосымша қаражат қарастыру мәселесі шешілу үстінде.

          «Халықтың көтерілетін мәселелері бойынша Премьер-Министрдің атына тиісті депутаттық сауалдар жолданатын болады, салалық мәселелер мемлекеттік органдармен талқыланатын болады және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне тиісті түзетулер енгізілетін болады» – деп атап өтті Серік Шайдаров.  

          Депутаттар жұмыс сапарларының барысында Байдалы би ауылдық округінде де болып, ауылға жаңадан тұрғызылған фельдшерлік акушерлік пунктің жай-күйімен танысты.

          Бүгінде медициналық нысанның құрылысы толық аяқталып және қолданысқа берілуге дайын. Нысанды салуға 130 млн. теңге қаражат жұмсалған. Мердігер: «Алау» ЖШС.

          Тиісті құжаттары дайындалып болған соң, ФАП іске қосылатын болады. Халық қалаулылары нысанмен толық танысқан соң сол жерде ауыл ақсақалдарымен жүздесті.

          Еркін форматтағы кездесуде сенатор Серік Шайдаров ауданда жылдар бойы өзекті болып келе жатқан электр желісі мәселесінің шешілуіне ықпал еткендерін айтып, тиісті қаражаттың бөлінгенін және биыл жұмыстың басталатынын жеткізді.

          Сондай-ақ аудан орталығына газ тартылған кезде жақын ауылдарды да қамту қарастырылатынын айтты.

          «2024 жылға арналған электр желілері бойынша осы мәселені шешу бойынша республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінді, аталған іс - шараны аяқтауға жеткіліксіз болған жағдайда салалық министрліктен қосымша қаржы бөлу бойынша шешетін боламыз», - деп атап өтті Серік Шайдаров.

         

Бөлісу