Депутат С.Ж. Шайдаровтың «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша Комитет отырысында сөйлейтін сөзі 2024 жылғы 2 сәуір сағат 11:30
Депутат С.Ж. Шайдаровтың
«1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы бойынша Комитет отырысында
сөйлейтін сөзі 2024 жылғы 2 сәуір
Құрметті Сүйіндік Тәсеменұлы!
Құрметті депутаттар!
Сіздердің назарларыңызға «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ұсынылады.
Заңның мақсаты 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау болып табылады.
Хаттамада азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген кезде Уағдаласушы Тараптар өзара орталық мекемелер арқылы жеткізілетіні көзделеді.
Бұл ретте, шартта бекітілген Тараптарға жататын орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Бас прокуратурасы және Әділет министрлігі; Қытай Халық Республикасы тарапынан – Әділет министрлігі, Жоғарғы Халық прокуратурасы және Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты болып табылады.
Хаттамамен бұл тізбеге Қазақстан тарапынан – Жоғарғы Сот және Қытай тарапынан Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты толықтырылады.
Заңды қабылдау құқықтық салдарға және (немесе) әлеуметтік-экономикалық теріс әсерге әкеп соқтырмайды, сондай-ақ қосымша республикалық бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.
Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қарастырылып отырған Заңды мақұлдауды және ескертпелерсіз бас комитетке жіберуді ұсынамын.
Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет.