С. Ж. Шайдаровтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы Комитет отырысында баяндамасы
Комитет
С. Ж. Шайдаров
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына баяндама
Құрметті әріптестер!
Заң Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленді және мемлекеттік статистика, деректерді басқару, әкімшілік реформа және мемлекеттік бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Мемлекеттік статистика саласын дамыту шеңберінде деректерді жинау, өңдеу және оларды цифрландыру процестерін трансформациялау; әкімшілік және баламалы көздерді белсенді пайдалану есебінен респонденттерге есепті жүктемені азайту; ұлттық деректердің сапасын арттыру және оларды бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі және басқа да түзетулер енгізіледі.
Деректерді басқаруды дамыту саласын жетілдіру шеңберінде қазіргі заманғы деректерді өңдеу орталықтарын құру, оның ішінде бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және сатып алу, деректерді өңдеу орталықтарының мәртебесін реттеу және тағы басқа үшін оңайлатылған тәртіпті енгізу жолымен заңнамалық реттеуші құралдар көзделеді.
Бұдан басқа, өкілеттіктерді орталықсыздандыру бөлігінде әкімшілік реформаны іске асыру мақсатында бірқатар түзетулер енгізіледі. Мәселен, Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдарға 21 функцияны және орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 12 функцияны қайта бөлу көзделеді.
Сондай-ақ, түзетулерде ономастика және аймақтық рәміздерді бекіту мәселелерін реттеу қарастырылған.
Әлеуметтік кодекске халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін және оның құзыреттерін бекіту бөлігінде түзетулер енгізіледі.
Бюджет кодексіне пилоттық режимде блоктық бюджетті енгізуге қатысты түзетулер енгізіледі. Блоктық бюджетті енгізу және оның жұмысы қағидаларын, сондай-ақ блоктық бюджетті пайдаланатын мемлекеттік органдардың тізбесін Үкімет бекітетін болады.
Бұдан басқа, заңнамалық регламенттеуді болдырмау мақсатында бірқатар түзетулер енгізіледі.
Бас комитет Сенат депутаттарының, уәкілетті органдар өкілдерінің және Сенат Аппараты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобының 6 отырысын өткізіп, онда Заңның негізгі ережелерін талқылады. Жұмыс тобының отырыстарында барлық түзетулер талқылау қорытындысы бойынша жұмыс тәртібімен пысықталды.
Құрметті әріптестер!
Сенаттың тұрақты комитеттерінде Заң тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
Баяндалғанды ескере отырып, осы Заңды бірінші оқылымда Сенат отырысының қарауына тұжырымдамалық түрде жіберу туралы ұсыныс енгіземін.