ҚР Парламенті Сенаты депутаты С. Ж. Шайдаровтың Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Шайдаров Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданында болып, «Жаңаарқа орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ орман питомнигінің құрылыс барысымен танысты. Ол жоба жетекшісімен бірге құрылыстың қазіргі жағдайын талқылады және бұл нысанның аймақ пен жалпы еліміздің экологиялық әл-ауқаты үшін маңыздылығын атап өтті.
Депутат Қараағаш ауылдық округінде ақсақалдармен және жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, жолдарды асфальттау, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және спорт кешенін салу мәселелерін талқылады. Бұл мәселелер Президент сұхбатында айтқан әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.
Серік Шайдаров Ынтымақ ауылында электр беру желілерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамамен де танысты. Ол мұндай жобалардың өңірдегі өмір сүру сапасын жақсартуда маңызы зор екенін және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұлттық стратегияға сәйкес келетінін атап өтті.
Сенатордың Жаңаарқа ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында Мемлекет басшысы айтқан экологиялық және инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыру, экологияны, ауыл шаруашылығын және әлеуметтік инфрақұрылымды орнықты дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар белсенді талқыланды.