Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Тастекеев
Қайрат
Құлбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Абай облысынан депутаты

1967 жылы 27 маусымда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келді.

Білімі, мамандығы:

  • Семей малдәрігерлік институты
    (1988-1993 жж.), ветеринария
  • Қазақ академиялық университеті (1998-2000 жж.), құқықтану
  • Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті (2014 ж.), қаржы
  • Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті (2018 ж.), құрылыс

Ғылыми дәрежесі:

  • КАЗГЮУ Университеті (2010 ж.), заң ғылымдарының кандидаты

Еңбек өтілі:

  • «Мейрамхан» АҚ-ның менеджері (1993-1998 жж.)
  • Алматы қ.Түрксіб аудандық сотының сот курьері (1999 ж.)
  • Алматы қ. Қалалық сотының сот приставы (1999-2000 жж.)
  • Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, аға оқутышысы (2001-2010 жж.)
  • Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі (2010-2017 жж.)
  • Семей қ. Құрылыс колледжінің директоры (2017-2023 жж.)

Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі:

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (2023 ж.)

Марапаттар, сыйлықтар, атақтар, медальдар:

  • Ыбырай Алтынсарин медалі (2016 ж.)
  • «Халық алғысы» медалі (2021 ж.)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    алғыс хаты
     (2021 ж.)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің
    алғыс хаты
     (2022 ж.)
  • «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2022 ж.)