«Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы»
Күн тәртібінде комитет отырыснда «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулерді ратификациялау туралы» заңын қарадық. Өз тарапымнан заңның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасадым.
Түзетулер Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ, Банк) Басқарушылар Кеңесінің 2023 жылғы
18 мамырдағы №259 қаулысымен қабылданды.
Түзетулердің мақсаты ЕҚДБ Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа қызметін кеңейту.
Операциялардың жаңа елдеріне Банк қызметінің таралуы Банктің өзінің қазіргі бар операциялар елдерін қолдау қабілетін бәсеңдетпейді; Банктің ААА деңгейіндегі кредиттік рейтингіне қауіп төндірмейді; капиталға қосымша жарналарды талап етпейді.