«Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
Комитет отырысында «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қарастырдық. Мен өз тарапымнан заңның негізгі тұстары туралы баяндама жасадым.
Түзетулер Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ, Банк) Басқарушылар Кеңесінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №260 қаулысымен қабылданды.
Жарғылық шектеудің күшін жою және Директорлар кеңесіне капиталдың жеткіліктілік нормативтерінің тиісінше деңгейлерін белгілеу мүмкіндігін беру Банкке шешімдерді жедел қабылдауға және өзінің кредиттік қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған түзетулер ЕҚДБ мәлімдеген мақсаттарына толық сәйкес келеді.