Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

АЭС сырттан келетін электр энергиясына тәуелділікті азайтуға көмектеседі

26.09.2024 152

Бүгін Қазақстанда АЭС құрылысына арналған бірқатар кездесулер өткіздім. «Aqtobe su-energy group» АҚ қызметкерлерімен кездесуде АЭС жобасы еліміздің тұрақты және экологиялық таза энергиямен жабдықталуын қамтамасыз етудің кілті болып табылатынын атап өттім. Франция мен Жапонияда атом энергетикасын табысты пайдаланудың мысалдарын келтірдім және азаматтардың алдағы референдумға қатысуының маңыздылығын атап өттім.

Жүздесуде АЭС-ке кадр даярлау мәселелері де талқыланды. Ол қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және өңірдің экономикалық дамуына ықпал ете отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар «Қазпошта» АҚ Ақтөбе филиалының қызметкерлерімен де кездестім және 2034 жылға қарай энергия тасымалдаушыларға сұраныстың 20% жету мүмкіндігі мен электр энергиясының тапшылығы туралы айттым. Атом энергетикасы электр энергиясының импортына тәуелділікті азайтуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға көмектеседі.

Мәртөк, Қобда және Алға аудандарына сапарым барысында атом электр станциясының құрылысы энергия тәуелсіздігіне қол жеткізіп, экологиялық таза энергия көздеріне көшуге мүмкіндік беретінін айттым. Ол жоба көмірқышқыл газының шығарындысын азайтуға ықпал ететінін, бұл болашақ ұрпақтың денсаулығына оң әсер ететінін атап өттім.

«Адамға күннің жарығы мен жылуы керектігі сияқты АЭС та керек. АЭС-тің арқасында, ең алдымен, оны сол энергия өндірісімен алмастыру арқылы энергия импортын азайтуға болады. Осылайша біз экологияға зиян келтірмейтін жасыл аймаққа көшетін боламыз. Тағы бір артықшылығы, егер атом энергетикасы Орталық Қазақстанда орналасса, еліміздің барлық өңірлерін энергиямен жабдықтау деңгейі артады деп санаймыз. Дені сау ұрпақ – ұлттың болашағы. Біз көмір мен газ шығарындысын азайтуға өз үлесімізді қосуымыз керек», - деп қорытындыладым.

Бөлісу