Қазақстан мен Қытайдың жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастығы туралы заңдар
Әріптестеріммен кеңейтілген отырыс өткіздік. Онда Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық туралы заңдар талқыланды.
Қаралған заңдардың қатарында: «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар бар.
Құжаттар келісімдер тараптарының аумақтары бойынша автомобильмен жүк тасымалын өрістетуге қолайлы жағдай жасауға, автомобиль көлігінің қазіргі заманғы жүйесін дамытуға, ақпараттық технологияны енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көлік-транзит әлеуеті мен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған. Заңдар тасымал жағдайын жетілдіру және екі елдің аумақтары бойынша автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайтуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.