Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Амангелді Нұғманов ҰҚШҰ ПА отырысына қатысты

09.12.2024 153

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Нұғманов қазақстандық делегация құрамында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты.

Шарада өңірлік қауіпсіздік пен парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында Қазақстанның ҰҚШҰ-дағы төрағалығының қорытындысы шығарылып, 2025 жылға арналған төрағалық өкілеттігі Қырғыз Республикасына ресми түрде тапсырылды. Сонымен қатар, цифрлық қауіпсіздік пен көші-қон саясаты сияқты өзекті тақырыптар қаралды.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына мүше елдердің өкілдері өңірдегі ортақ қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнамаларды үйлестіру жолдарын талқылады.

Бөлісу