ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Нұғманов Ақтөбе облысына қызметтік іс-сапармен барды.
Іс-сапардың алғашқы күні А.Нұғманов облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесті. Кездесу барысында Асхат Шахаров Сенат депутатына облыстағы 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, облыстағы өзекті мәселелер, оның ішінде автожолдардың жай-күйі, экологиялық жағдай, әлеуметтік сала қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі, инфрақұрылым және интернетпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша қолға алынған шаралар жөнінде де жан-жақты тоқталып өтті.
Кездесу барысында өңірдің даму мәселелері, сондай-ақ бюджеттік қаражатты жоспарлау және инвестициялар тарту мәселелері жан-жақты талқыланды. Облыс басшысы Парламент тарапынан көрсетілген зор қолдауға үлкен алғысын білдіріп, оның өңірдің дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Тараптар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту, әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған ғимараттарды пайдалануға беру және т.б бірқатар мәселелерді талқылап, ойларымен бөлісті.
Соңдай-ақ, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili" газетіне берген сұхбаты талқыланып, еліміздің болашағы мен алдағы жоспарларды іске асыру үшін бірлескен жұмыстарды одан әрі күшейту мәселесі алға қойылды. Кездесуден кейін, Сенат депутаты А. Нұғманов өңірдегі бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшыларымен және аудан әкімдерімен бейне конференц байланыс арқылы жиын өткізді. Жиын барысында облыс үшін маңызды тақырыптар қозғалып, тиісті нұсқаулар берілді.
Айта кетейік, А.Нұғманов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында қала және аудандардағы әлеуметтік нысандарды және өндіріс орындарын аралап, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездеседі.