Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты А. Нұғмановтың Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына жұмыс сапары

06.01.2025 160

“Менің кезекті қызмет сапарым Парламент Сенаты депутаты ретінде Мәртөк ауданына ат басын бұру болып, Республика бюджетінен бөлінген қаржыға салынатын нысаналардың құрылыс барысын тексеру болды. Екінші маңызды мәселе — әлеуметтік объектілердің жылумен қамту жүйесін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік-мәдениет саласындағы нысандардың дамуы мәселелері де қаралды. Менің сапарымда өңірдің белсенді азаматтары мен облыс маслихатының депутаттар тобы бірге болды. Бір қуанышты сәт, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы мен ауданның энергетикалық жүйелеріне жауапты барлық азаматтар бізді қарсы алып, жылу жүйесін кәсіби таныстырып, өзекті мәселелерді көтерді. Аудан әкімдігі мен коммуналдық қызмет мамандары да қалыс қалмай, атқарған шараларын көрсетіп, жалғастырды. Айрықша назар әлеуметтік нысандар — медициналық мекемелер, мектептер және мәдениет объектілерінің жылумен қамтылуына аударылды, өйткені бұл салалар аудан тұрғындарының қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие.”

Бөлісу