«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Әріптестрмен «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын комитет отырысында талқыладық.
Осы хаттамаға 2022 жылғы 1 маусымда Ташкентте қол қойылған.
Хаттаманың негізгі өзгерістері келесідей мәселелерге қатысты:
- келісімнің мәтіні «жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» деген сөздермен толықтырылды. (2012 жылы ФАТФ ұсынымдары ауқымды түрде қайта қаралып, ФАТФ мандаты кеңейтілді – оған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері қосылды);
- Хаттамада Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру көздері кеңейтілді (ұғымдық аппарат «ерікті жарна», «нысаналы ерікті жарна», «өзге түсімдер (кірістер)», «нысаналы қор» деген анықтамалармен толықтырылды);
- сондай-ақ басқа да техникалық түзетулер енгізілді (Сөз мәтініндегі «ФАТФ-тың 40+9 ұсынымдары» сөзі «ФАТФ стандарттары» деген сөздермен ауыстырылды, түрлі септіктердегі «ЕАТ-тың төрағасы», «ЕАТ Төрағасының орынбасары», «ЕАТ-тың Атқарушы хатшысы» деген сөздер тиісті септіктердегі «Төраға», «Төрағаның орынбасары», «Атқарушы хатшы» деген сөздермен өзгертілді, сондай-ақ «персонал» сөзі «қызметкерлер» сөзімен ауыстырылды).
Еуразиялық топқа мүше 9 мемлекеттің 7-еуі Хаттаманы ратификациялады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай бұл құжатты ратификациялау бойынша ішкі мемлекеттік рәсімдерін жүргізіп жатыр.
Жалпы Заңның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.