Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Амангелді Нұғманов ТүркПА отырысына қатысты

16.04.2025 151

Сенатор Амангелді Нұғманов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына мүше елдердің Парламенттері Қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері төрағаларының екінші отырысына қатысты. Шара «Түркі мемлекеттері арасындағы қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту: Парламенттердің рөлі» тақырыбына арналды.

Өз сөзінде Амангелді Нұғманов қазіргі әлем жаһандық күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі – қауіпсіздік екенін атап өтті. Геосаяси шиеленістердің артуы, қарулы қақтығыстар, сауда соғыстары мен терроризм сынды сын-қатерлердің ушығуы ортақ жауапты талап етеді. Сондықтан бұл қауіптерге қарсы күресте елдердің күш біріктіріп, үйлесімді әрекет етуі маңызды.

«Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы мемлекеттер арасындағы диалог пен құқықтық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқарады. Парламентшілер ретінде біз ішкі реформалар мен халықаралық бастамаларға заңнамалық қолдау көрсетеміз. Ассамблея аясында үлгілік заңдар мен өзге де маңызды құжаттарды қабылдау елдеріміз арасындағы құқықтық байланысты нығайта түседі. Қазақстан Парламентінің депутаттары ТүркПА комиссиялары мен өзге де іс-шараларына белсенді қатысып, оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді», – деді Амангелді Нұғманов.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Бөлісу