Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қарады

23.06.2025 148

Бүгін комитеттің кеңейтілген отырысында әріптестерімізбен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қарадық. Келісім инвесторларды құқықтық қорғауға және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Құжат инвестицияға әділ және тең құқықты режимді, оларды толық қорғауды және қауіпсіздікті көздейді. Тараптар экономиканың сезімтал секторларын оқшаулау құқығын сақтайды. Сондай-ақ, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда және өтемақы төленген жағдайда инвестицияны халық меншігіне беруге және экспроприациялауға тыйым салынды.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу