Cенаторлар «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қарады
Сенатта қаралған бұл Конвенция еңбек саласындағы әділдікті қамтамасыз ететін бірнеше маңызды қағидаттарды бекітті. Құжат аясында мемлекетте ең төменгі жалақы жүйесін енгізу және оның мөлшерін белгілеу мен қайта қарау процесіне әлеуметтік әріптестік тараптарының қатысуы көзделген.
Сонымен қатар, ең төменгі жалақыны анықтау кезінде жұмыскерлердің қажеттіліктері мен елдегі экономикалық факторлардың есепке алынуы міндеттелді. Ең бастысы, Конвенция еңбекақы төлеу саласындағы кез келген кемсітушілікке тыйым салуды заңды түрде бекітіп отыр.