Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын қарады

11.12.2025 293

Жаңа заң банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, клиенттердің құқығын қорғауды күшейтуге және нарықтағы бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Құжатта цифрлық теңге мен активтерді реттеу, банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және заманауи қадағалау механизмдерін енгізу қарастырылған.

Негізгі жаңалықтардың қатарында шағын банктер үшін базалық лицензия енгізу, корпоративтік басқару талаптарын қатайту және проблемалық банктерді сауықтырудың нақты тетіктері бар. Сонымен қатар, тұтынушыларға қызметтерді таңуға тыйым салынып, банктердің нақты экономика секторын кредиттеудегі рөлін кеңейту көзделеді.

Бөлісу