Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов және Геннадий Геннадиевич Шиповских Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы және Шиповских Геннадий Геннадиевич Қазақстан Республикасын Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Қосанов Дәурен Жұматайұлымен кездесу өткізді.
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2025 жылы атқарған қызметінің қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі бағыттар мен басым міндеттер қаралды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға және ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігі тарапынан: Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және әскери дайындық жүйесін жаңғырту, қорғаныс саласын кезең-кезеңімен техникалық қайта жарақтандыру, әскери басқару жүйесін жетілдіру және цифрлық шешімдерді енгізу, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірістің үлесін арттыру жайында баяндалды