Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен өзекті мәселелерді талқылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы, Қожаев Марат Шәдетханұлы және Геннадий Геннадиевич Шиповских Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізеді.
Кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің ағымдағы қызметі, азаматтық қорғау жүйесінің жай-күйі және төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар, құтқару қызметтерінің дайындығын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.