Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровпен кездесті

05.01.2026 280

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаровпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында облыс әкімі былтырғы жылдың көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, өңірдің тұрақты өсуін атап өтті. 2025 жылы экономикалық өсім 103,8%-ды құрады, облысқа 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды, бірқатар ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылды, жаңа жұмыс орындары құрылды, медициналық және білім беру базасы нығайтылды. Жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, жол инфрақұрылымы жаңартылды, интернетке қолжетімділік деңгейі 98%-ға жетті, ал азаматтардың 96%-дан астам өтініштері оң шешімін тапты, бұл жергілікті атқарушы органдар жұмысының халықтың нақты қажеттіліктеріне бағытталғанын көрсетеді.

Сондай-ақ 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста газдандыру деңгейі 97%-ды құрады. Жыл ішінде 31 елді мекен тұрғындары алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізді, бұл 13 мыңнан астам адамның өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету дерлік 100%-ға жетті. Әлеуметтік сала айтарлықтай нығайды: жаңа медициналық нысандар ашылды, қолданыстағы инфрақұрылым жаңартылды, заманауи жабдықтар алынды, денсаулық сақтау және ана мен баланы қолдау саласында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылды. Сенатор өз кезегінде өңір басшысын 2025 жылғы Сенат қызметінің қорытындылары, қабылданған заңнамалық бастамалар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етті.

Бөлісу