Сенатор Амангелді Нұғманов Президенттің сұхбаты аясында Ақтөбе облысының даму мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаты Амангелді Нұғманов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысындағы Хромтау,
Қарғалы, Мұғалжар және Алға аудандарында болды. Онда аумақтарды дамыту және
халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық, әлеуметтік
және өндірістік жобаларды іске асыру барысымен танысты.
Сенатор Хромтау
ауданындағы Табантал ауылында жел электр станциясының құрылысы мен Ақжар
ауылдық округінің жазық станциясындағы жаңа мектепті, «АҚМЭЗ» ЖШС-нің
кеңейтілетін өндірісі мен мәдениет үйін, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен
Хромтау қаласындағы қалалық қазандықты қарап шықты. Депутат Қарғалы ауданында
аудандық орталық ауруханаға қосымша құрылысымен және Бадамша ауылындағы балалар
шығармашылығы және өнер мектебінің жұмысымен танысты. Мұғалжар ауданында
аудандық ауруханада жөндеу жұмыстары, теміржол вокзалын жаңғырту және Қандыағаш
қаласының Самал шағын ауданында жаңа мектеп құрылысына куә болды. Сенатор Алға
ауданында орталық аудандық ауруханада болып, қалалық жылу қазандығының
жұмысымен танысты.
Амангелді Нұғманов
кездесулер барысында Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында
өңірлерді дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ
тұрақты экономикалық өсуді қалыптастыру халықтың өмір сүру сапасын арттырудың
негізгі шарты болып табылатынын атап өтіп, елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңін
белгілегенін атап өтті.
Сенатор инфрақұрылым
нысандарының тұрақты жұмысы мен салынып жатқан жобаларды іске асыру сапасы
аудандарды дамыту үшін негізгі басымдықтар болып табылатынын атап өтті.
«Өңірлерге сапар әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың
өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдарды бағалауға мүмкіндік
берді. Энергетика, білім беру, әлеуметтік қызмет және инфрақұрылым салаларындағы
жобаларды сапалы және уақтылы іске асыру аудандардың даму әлеуетін арттыруда
маңызы зор», - деді Амангелді
Нұғманов.
Сенатор сонымен қатар
аудандық мәслихат депутаттарымен және жергілікті салалық мекемелердің
басшыларымен кездесіп, Сенаттың 2025 жылғы қызметінің қорытындылары, заңнамалық
бастамалар және алдағы кезеңге арналған басымдықтар туралы хабардар етті.