Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов мен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығымен кездесті

29.12.2025 283

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов мен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылық құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.

 Кездесу барысында Шекара қызметінің ағымдағы қызметі, мемлекеттік шекараны қорғау жүйесінің жай-күйі және шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар, қызметкерлердің дайындығын арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар депутаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі басшылығын 2025 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атқарған жұмысының қорытындыларымен, қабылданған маңызды заңнамалық және өзге де шаралармен, сондай-ақ алдағы жылға белгіленген негізгі жоспарлармен таныстырды.
Бөлісу