«LITER» газетінің сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Шайхоллаұлы Нұғмановтың «Однопалатный парламент: депутаты будут отвечать за свой округ» атты мақаласы жарық көрді.
Мақалада Қазақстанның бірпалаталы парламент моделіне көшу бастамасы туралы айтылған, оның негізгі мақсаты - бюрократияны азайту және депутаттардың өңірлер алдындағы жеке жауапкершілігін арттыру. Сенатордың пайымдауынша, бұл жүйе заңдардың тез қабылдануын қамтамасыз етіп, депутаттарды халыққа жақындата түседі және парламентті ел мүддесін тікелей қорғайтын тиімді органға айналдырады.